Accessibility links

АҚШ үкіметі Ресейдің "шетел агенті" туралы заңын сынады


АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілі Хизер Нойерт.
АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілі Хизер Нойерт.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресей билігін "шетел агенті" туралы заңын қолданып тәуелсіз журналистерге қысым жасап жатыр деп айыптады. Мемлекеттік департамент өкілі Хизер Нойерт ресейлік билік бұл заңды тек америкалық БАҚ-тарға – "Америка дауысы" және "Азат Еуропа / Азаттық Радиосына" қатысты ғана әдейі қолданып отыр деп мәлімдеген. Хайер медикорпорацияға Мәскеу сотының айыппұл салу туралы шешіміне қатысты осындай комментарий берген.

Сонымен бірге Нойер қазір Мемлекеттік дума қарауында жатқан, БАҚ-тармен әріптестік негізде жұмыс істейтін жеке тұлғаларды "шетел агенті" тізіміне енгізу мүмкіндігін қарастыратын заң түзетулерін де айыптаған. "Құрама Штаттар Ресейді... пікір білдіру еркіндігімен қоса негізгі құқықтарды орындауға тағы да шақырады", - деп мәлімдеген Нойерт.


Бұған дейін шілденің 6-сы күні Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Арлем Дезир "Азат Еуропа / Азаттық Радиосы" медиакорпорациясына айыппұл салған Мәскеудің Тверь аудандық бітімгершілік сотының шешімін сынап, ресейлік "шетел агенті" туралы заң Ресейдегі ақпарат еркіндігі кеңістігін тарылтады деп айыптаған.

АҚШ-тың сыртқа хабар тарату кеңесінің (BBG) атқарушы директоры Джон Лэнсинг сот шешімін ресейлік аудиторияның мүддесі үшін жұмыс істейтін тәуелсіз медиаға қарсы шабуыл деп атап, ресейлік "шетел агенті" туралы заң тек АҚШ Конгресі қаржыландыратын коммерциялық емес ұйым – "Азат Еуропа / Азаттық Радиосы" (АЕ/АР) медиакорпорациясына және "Америка дауысына" ғана қарсы қолданылғанын айтқан.

Шілденің 5-і күні Мәскеудің Тверь аудандық бітімгершілік судьясы Ресей Әділет министрлігі "шетел агенті" деп танылған үкіметтік емес ұйым ретінде мемлекеттік органдарға қаржылық мәліметін бермеді" деп сотқа берген "Азат Еуропа / Азаттық Радиосы" (АЕ/АР) медиакорпорациясына 100 мың рубль (500 мың теңге) көлемінде айыппұл салған. АЕ/АР заңгері сот барысында корпорация әділет министрлігі бірнеше рет сұрау салғанымен, құжатты қалай толтырудың нақты тәртібін түсіндірмегендіктен тиісті құжатты уақытында тапсыра алмағанын айтқан. Бұған қоса, "шетел агенті" деп танылған БАҚ-тың есеп беру тәжірибесі заң белгілеген құжат тапсыру мерзімі аяқталған соң күшіне енген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG