Accessibility links

Трамп: Ресейдің АҚШ сайлауына араласқанына Путин жауапты


АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинді Америкада 2016 жылы өткен сайлауға араласуға жауапты деп санайтынын айтты. Трамп CBS телеарнасына берген сұхбатында: "Ол мемлекет үшін жауапты. [АҚШ-та] болып жатқан жағдайларға өзімді қалай жауапты сезінсем, оны да тап солай жауапты деп білем. Сондықтан ел жетекшісі ретінде жауапты соған артуға болады" деді.

Сұхбат арасында Трамп бастапқыда Ресейдің сайлауға араласқанына күмән келтіргенін, кейін жаппай сыннан соң сенетінін айтқан. Ол АҚШ барлау қызметінің "Ресейді сайлауға араласты деп айыптайтын" мәлімдемесімен келісетінін тағы бір рет қайталады.

"Хельсинкиде [Ресейдің] бұдан былай Америкадағы сайлауға араласуына жол бермеймін" деп Путинге қатқыл айттым" деді АҚШ президенті.


Дональд Трамп Хельсинкидегі саммиттен соң сынның астында қалған.

Конференция кезінде Ресейдің сайлауға араласқанына күмәнданатынын айтқан Трамп ертеңіне Ақ үйде журналистерді жинап, "сөзден жаңылдым" деген. Трамптың айтуынша, ол Мәскеудің Америкадағы сайлауға араласқанына шүбә келтірмейді.

Республикашылдар мен демократтар айтқан сын мен БАҚ-тың жаппай сөгуіне қарамастан Трамп саммиттің "үлкен жетістік" болғанын айтты. "Жетістік" ретінде Трамп Путиннің "Солтүстік Корея мәселесінде қол ұшын беремін" деген сөзін келтірді. Бірақ қалай "қол ұшын" беретінін айтқан жоқ.

Трамп Twitter парақшасында "арнайы қызмет жетекшілерінің көбіне өзінің сөйлеген сөзі ұнағанын" жазған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG