Accessibility links

Эймсбериде уланған Чарли Роули ауруханадан шықты


Ұлыбританияда жүйкені жансыздандыратын заттан уланған Дон Стерджес (сол жақта) пен Чарли Роулидің суреттерінен коллаж.
Ұлыбританияда жүйкені жансыздандыратын заттан уланған Дон Стерджес (сол жақта) пен Чарли Роулидің суреттерінен коллаж.

Ұлыбританияда маусымның соңында жүйкені жансыздандыратын заттан уланған Чарли Роули ауруханадан шықты. Онымен бірге уланып қалған серігі – Дон Стерджес есімді әйел осыдан екі аптаға жуық уақыт бұрын қайтыс болған. Ол екеуі тұратын Эймсбери қаласынан бірнеше шақырым жердегі Солсбери қаласында наурыздың 4-і күні жүйкені жансыздандыратын әлгіндей заттан қатты уланып, ес-түссіз халде ауруханаға жеткізілген әкелі-балалы Сергей және Юлия Скрипальдар өлім аузынан қалған болатын.

Шілденің 19-ы күні полициясы Ресей бас барлау басқармасының (ГРУ) бұрынғы офицері Сергей Скрипальға жасалған қастандыққа күдіктілерді британ полициясының анықтағаны туралы ақпарат тараған. Press Association агенттігінің хабарлауынша, Скотланд-Ярд тергеушілері әкелі-балалы Скрипальдарды улауға бірнеше ресейлік қатысқан деп санайды.

"Тергеушілер "Новичок" (улы заттың атауы – ред.) қолданылған шабуылға күдіктілерді бақылау камерасының арқасында және алынған мәліметтерді елге шамамен сол уақытта келгендер туралы ақпаратпен салыстыру арқылы анықтау мүмкін болды деген болжам жасаған", - деп хабарлайды полициядағы дереккөзіне сілтеме жасаған агенттік. Ол мәліметтерге сүйенген тергеушілер қылмысқа күдіктілердің ресейліктер екендігіне сенімді.


Бұған дейін Солсбери қаласы маңында екі адам уланған жүйкені жансыздандыратын заттың қалдығы иіссу құтысынан табылғаны мәлім болған еді. Бұл туралы ВВС-ге сол уақытта ауруханада жатқан Чарли Роулимен сөйлескен оның бауыры айтқан.

Туысымен телефонмен сөйлескен Мэтью Роулидің сөзінше, ол Чарлидің уланғаннан кейін бұрынғыдан қатты өзгергенін, оны әзер таныған. Бұған дейін дәрігерлер Эймсбериде "Новичок" затынан уланғандар тірі қалған күннің өзінде олардың денсаулығы ешқашан бұрынғы қалпына келмейтінін ескерткен деп жазады ВВС.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG