Accessibility links

БАҚ: Бутина бұрын миллиардер Николаевтан қаржы алған


Мария Бутина
Мария Бутина

Ресейлік миллиардер Константин Николаевтің өкілі "Коммерсантъ" газетіне Николаевтің АҚШ-та ұсталған ресейлік Мария Бутинаға үш жыл қаржылай көмек көрсеткенін мәлімдеді. Бизнесмен 2012-2014 жылдары Бутина басқарған "Право на оружие" қоғамдық ұйымына ақша аударып келген. Николаевтің өкілінің сөзінше, бизнесмен 2015 жылдан бастап Бутинамен жеке байланыста болмаған және оның өзіне немесе ол басқаратын ұйымға қаржылай я басқаша қолдау көрсетпеген.

Бұған дейін америкалық Washington Post газеті Бутинаның сәуірде АҚШ сенатының барлау комитетінде берген жауабына сүйене отырып, Константин Николаевтің оған қаржылай қолдау көрсеткенін хабарлаған. Николаевтың өкілі бұл фактіні басылымға растамаған.

"Коммерсантъ" басылымының Бутинаның қызметімен таныс тағы бір дереккөзі Бутинаны өз ісіне берілген және ұстанымын қорғауға дайын адам деп сипаттаған.

Оқи отырыңыз: АҚШ айып таққан Мария Бутинаның ісі

29 жастағы Мария Бутинаны АҚШ Федералдық тергеу бюросы шілденің 15-і күні тұтқындаған. Оған шетелдік агент ретінде тіркелмей, астыртын сөз байласып, заңсыз қызмет еткен деген айып тағылған. АҚШ заңында мұндай іс-әрекет үшін 15 жылға дейін бас бостандығыран айыру жазасы тағайындау қарастырылған. Мария Бутина өзіне тағылған айыппен келіспейді.

Шілденің 18-і күні Бутина қамауға алынған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG