Accessibility links

Алматыда Денис Тенге арналған көрме өтеді


Денис Тенді жерлеу рәсімі. Алматы, 21 шілде 2018 жыл
Денис Тенді жерлеу рәсімі. Алматы, 21 шілде 2018 жыл

Тамыздың 26-сы күні Алматыда марқұм спортшы Денис Тенге арналған сурет көрмесі өтеді деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

"Esentai Gallery залында өтетін сурет көрмесіне Денис Теннің өзі түсірген суреттер, сонымен бірге ол қатысқан спорттық шаралардан фотолар қойылады, достары мен әріптестерінің видеожобалары көрсетіледі. Кіру тегін, кез-келген адам келіп көрсе болады" деді сауда орталығының өкілі.

Көрме қыркүйектің 2-не дейін жалғасады.

19 шілдеде Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен пышақ жарақатынан ауруханада қаза тапқан. Спортшы қала орталығында көлігінің жанында әлдекімдер салған пышақ жарақатынан ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған.

Денис Теннің қазасына күдікті ретінде 23 жастағы Арман Құдайбергенов пен 1994 жылы туған Нұралы Қиясов ұсталғаны белгілі болған. Бұған қоса, тағы бір күдікті қамауда.

Спортшының қазасынан кейін қазақстандықтар министр Қасымовтың отставкаға кетуін талап еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG