Accessibility links

Аннаполисте Джон Маккейнді жерледі


Джон Маккейн.
Джон Маккейн.

Мэриленд штатының Аннаполис қаласында 2 қыркүйек күні сенатор Джон Маккейнді жерлеу рәсімі өтті. Маккейн тамыздың 25-і күні Аризона штатында 81 жасында қайтыс болған. Марқұм өзі оқыған әскери-теңіз академиясының зиратына әскери құрмет көрсетіліп жерленді. Бұрынғы әскери ұшқыш Джон Маккейн Вьетнамдағы соғысқа қатысып, сол елде бес жыл түрмеде отырған.

Жерлеуге Маккейннің туыстары мен жақындары ғана қатысты. Олардың арасында сенатор Лэндси Грэм мен отставкадағы генерал Дэвид Петреус те бар.

АҚШ президенті Дональд Трамп Маккейнді жерлеуге, онымен қоштасу рәсіміне де қатысқан жоқ. Көзі тірісінде Трампты қатты сынаған Маккейн өзін жерлеу рәсіміне Трампты шақыруға тыйым салып өсиет қалдырғаны туралы бұған дейін америкалық басылымдар хабарлаған. Қоштасу рәсімінде сөйлеген экс-президенттер кіші Джордж Буш пен Барак Обаманың сөзін жұрт Дональд Трамппен пікір таластыру деп қабылдады. Өз сөзінде сенатордың қызы Меган Маккейн президент Трамптың "Американы қайтадан ұлы ел жасайық" деген басты ұранына уәж ретінде "Джон Маккейннің Америкасы" әрқашан ұлы болған деп мәлімдеді.

Сенатор Джон Маккейн Кремль мен Ресей президенті Владимир Путиннің саясатына қатты қарсы шыққан. Маккейнді еске алу шарасына Украина президенті Петр Порошенко да қатысты. Порошенко Маккейннің Киевке көрсеткен қолдауын еске алып, оны "Украина батыры" деп атады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG