Accessibility links

Хакерлік шабуылға күдікті ресейлікті АҚШ-қа экстрадициялады


Манхэттеннің төменгі бөлігінде орналасқан Уолл-стриттегі зәулім үйлер. Нью-Йорк.
Манхэттеннің төменгі бөлігінде орналасқан Уолл-стриттегі зәулім үйлер. Нью-Йорк.

Грузия билігі JPMorgan Chase & Co және Уолл-стритте орналасқан өзге де фирмалардың компьютерлік желілеріне көлемді хакерлік шабуыл жасаған деген айып тағылған Ресей азаматын АҚШ-қа экстрадициялаған. Бұл туралы қыркүйектің 7-і күні америкалық прокурорлар мәлімдеген.

35 жастағы Андрей Тюрин АҚШ билік орындарының өтініші бойынша Грузияда тұтқындалған деп хабарлады америкалық прокурор Джеффри Берман. Тюриннің адвокаты Флориан Мидель қорғауындағы адамның ісіне қатысты комментарий беруден бас тартты.


Тюрин – тарихтағы ең көлемді хакерлік шабуылдарға қатысты қозғалған іс бойынша айып тағылғандардың соңғысы. JPMorgan 2014 жылы хакерлік шабуылға ұшырап, шамамен 83 миллионға клиенттің жеке басының деректері қолды болғанын мәлімдеген. Хакерлік шабуылдан зардап шеккендер арасында E*Trade және Scottrade сынды интернет-брокерлер, сонымен бірге Dow Jones & Co агенттігі, Wall Street Journal басылымы бар.

Прокуратурның мәлімдеуінше, хакерлер қолданушылардың, қаржы компаниялары клиенттерінің 100 миллионнан астам жеке деректерін ұрлаған. Айыптаушы тарап компьютерлік желіге бұзып кіріп алынған ақпаратты хакерлер басқа қылмыстарды жасауға пайдаланған, ал Тюрин мен шабуылға қатысқан басқа да адамдар қылмыстық схемалар арқылы жүздеген миллион доллар алған деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG