Accessibility links

Қазақстандық Головкин мексикалық Альварестен жеңілді


Головкин-Альварес кездесуі. 15 қыркүйек 2018 жыл.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестен жеңілді. Екі төреші 115:113 есебімен жеңісті Альвареске берсе, бір төреші кездесу тең аяқталды деп шешкен. Жекпе-жек 15 қыркүйекте (Астана уақыты бойынша 16 қыркүйекте) АҚШ-тың Лас-Вегаста өтті.

36 жастағы Геннадий Головкин осымен 40-рет жекпе-жекке шығып, алғаш рет жеңіліп отыр. Головкин бүгінгі кездесу нәтижесінде орта салмақта (72,6 кг) WBA, WBC, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын айырылды. Енді Головкиннің барлық атағы Альвареске беріледі.

28 жастағы Сауль Альварес 53 кездесуін өткізіп, екінші рет жеңілді (49 жеңіс, 2 тең, 34 кездесуді нокаутпен жеңген).

Қос боксшы 2017 жылы қыркүйекте жекпе-жекке шығып, тең түскен. Осыдан кейін Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек мамыр айында өтуі тиіс еді. Бірақ ақпанда Альварестің допинг сынамасынан рұқсат етілмеген кленбутерол препараты табылып, ол алты айға бокстан шеттетілген. Ал Головкин мамырда Ванес Мартиросянмен (АҚШ) жекпе-жекке шығып, екінші раундта қарсыласын құлатқан.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Солтүстікте нан қымбаттады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG