Accessibility links

Берлинде расизмге қарсы шеру өтті


Германия парламенті ғимараты - Рейхстаг. (Көрнекі сурет.)
Германия парламенті ғимараты - Рейхстаг. (Көрнекі сурет.)

Қазанның 13-і күні Берлиннің орталығында нацизм, дискриминация мен өшпенділікке қарсы ұрандармен өткен шеруге 240 мың адам қатысты. Олар Александерплацтан Жеңіс алаңына дейін шеру жасап өтті. Акция 450-ден астам түрлі ұйымдар, бірлестіктер мен жеке тұлғаларды біріктіретін "Unteilbar" ("Бөлінбейтіндер") альянсының бастамасымен ұйымдастырылған.

Әуелгіде қатысушылар саны 40 мыңнан аспайды деп болжанған шараға ширек миллионға жуық адам жиналған. Полиция өкілдері Der Tagesspiegel басылымына ұйымдастырушылардың есебіне сенуге болатынын айтқан. Акция кезіндегі тәртіпті 900-ге жуық құқық қызметкерлері қадағалаған. Ұсталғандар туралы ақпарат түспеген.


Шараға қатысушылар: "Нацистерге орын жоқ", "Теңізде апатқа ұшырағандарды құтқару – қылмыс емес" деген жазулар ұстап шыққан. Бұл ұран Еуропадан пана табу немесе жақсы өмір сүру мақсатымен қауіпті сапарға шыққан мыңдаған мигрант пен босқын жылда қаза табатын Жерорта теңізіндегі құтқару операцияларын қолдауға бағытталған. Демонстранттар сонымен бірге әсіреоңшыл радикалдар, расистер мен антисемиттердің зорлық-зомбылығын көрген құрбандарға қолдау білдірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG