Accessibility links

ҰҚК: Терроризм күдігімен бірнеше адам ұсталды


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясында ұсталған тұрғын. Сурет ҰҚК баспасөз қызметінен алынды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясында ұсталған тұрғын. Сурет ҰҚК баспасөз қызметінен алынды.

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Алматы қаласы, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының 10 тұрғынын терроризмді насихаттады деген күдікпен ұстағанын хабарлады. Комитеттің 29 қазан күні таратқан хабарламасы бойынша, күдіктілер 27 қазан күні ұсталды. Күдіктілерді ұстау операциясының нақты қай жерде жүргізілгені айтылмайды.

Арнайы қызмет ұстаған адамдар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "экстремистік материалдарды таратып, терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды" деп күдікке ілінгенін айтады.

ҰҚК қазір ұсталған адамдардың "терроризмді қаржыландыру мен өзге де қолдау көрсетуге қатысы бар-жоғы" анықталып жатқанын айтады.

ҰҚК Қазақстанның түрлі аймағында әлсін-әлсін арнайы операция жүргізіп, экстремизм мен терроризмді насихаттады, "әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздырды" деген күдікпен ондаған адамның ұсталғанын хабарлап тұрады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG