Accessibility links

Өртенген автобус ісі бойынша сотталғандарға түрме жазасы кесілді


Өртенген автобус ісі бойынша айыпталушылардың бірінің адвокаты Хайрулла Әлимағамбетов.
Өртенген автобус ісі бойынша айыпталушылардың бірінің адвокаты Хайрулла Әлимағамбетов.

Ақтөбе қалалық сотында өртенген автобуста қаза болғандар ісі бойынша сотталушыларға үкім оқылды.

Қаңтарда Шымкенттен Самараға бара жатқан автобус өртеніп, 52 адам қаза тапқан. Бұл іс бойынша автобус жүргізушілері - Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков пен Барат Таңатов, "Азия транзит сервис" компаниясының құрылтайшысы Нұрлыбек Тілепбаев, механик Бахадүр Пердебаев сотқа тартылған.

Сот олардың әрқайсын 3-5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Жүргізушілер – Қырғызбаев, Таңатов, Пернебеков – әрқайсы бес жыл бас бостандығынан айырылып, жеті жыл көлік құралын басқару кұқығы шектелді.

Сотталғандар сөзі мен олар жайлы толығырақ мәліметті мына сілтемегі мақаладан оқыңыз.

Автобусты жалға алған компания құрылтайшысы Тілепбаев пен механик Пердебаев әрқайсы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, көлік құралы қызметімен айналысу құқығы бес жылға шектелді.

Судья жәбірленушілердің моральдық өтемақы талап еткен шағымын жартылай қанағаттандырып, істі болған бес адамның әрбірінен 17,2 миллион теңге өндіріп, 43 отбасыға 2 миллион теңгеден төлеуге міндеттеді.

Олар қаладан кетпеу жайлы қолхатпен босатылған. Судья үкім оқыған соң істі болғандар сот залында қамауға алынды.

Биыл қаңтардың 18-і күні таңертең Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықта Шымкент - Самара жолында жолаушылар автобусы өртенген. Билік орындарының хабарлауынша, автобуста барлығы 57 адам болған, олардың 52-сі қазаға ұшыраған. Құрбан болғандардың барлығы – Өзбекстан азаматтары. Екі жолаушы мен үш жүргізуші аман қалған.​

Сотқа тартылған бес адамның ешбірі өздеріне тағылған айыпты мойындамаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG