Accessibility links

Былтыр жоғалған аргентиналық сүңгуір қайық табылған


Бортындағы 44 адаммен бірге жоғалған "Сан-Хуан" сүңгуір қайығының суреті салынған Аргентина туы.
Бортындағы 44 адаммен бірге жоғалған "Сан-Хуан" сүңгуір қайығының суреті салынған Аргентина туы.

Америкалық Ocean Infinity компаниясы осыдан бір жыл бұрын жоғалып кеткен Аргентинаның "Сан-Хуан" сүңгуір қайығы мұхиттың қай тұсында жатқанын анықтаған. Бұл туралы хабарлама Аргентина әскери-теңіз күштерінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды. Онда сүңгуір қайықтың теңізде 800 метр тереңдікте жатқаны айтылған, әзірше бұдан өзге дерек келтірілмеген.

Атлант мұхитына жорыққа аттанған Аргентинаның "Сан-Хуан" сүңгуір қайығымен байланыс өткен жылғы қарашаның 15-і күні үзілген. Қайықта барлығы 44 адам болған. 2017 жылы желтоқсанның басында Аргентина билігі сүңгуір қайық экипажы түгелдей қаза болды деп ресми түрде жариялаған.


"Сан-Хуан" сүңгуір қайығының қандай жағдайға ұшырағаны әлі күнге дейін белгісіз. Билік қайықта жарылыс болуы ықтимал деген жорамалды жоққа шығармайды. Сүңгуір қайықты іздестіруге оннан астам ел, солардың арасында АҚШ, Ұлыбритания мен Ресей де атсалысқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG