Accessibility links

Австралия Батыс Иерусалимді Израильдің астанасы деп таныды


Иерусалим қаласы. (Көрнекі сурет.)
Иерусалим қаласы. (Көрнекі сурет.)

Австралия Батыс Иерусалимді Израильдің астанасы деп ресми түрде таныды. Бұл туралы Австралияның премьер-министрі Скотт Моррисон мәлімдеген. Әйткенмен, оның айтуынша, палестиналықтармен бейбіт келісім жасалмайынша Австралия елшілігін Иерусалимге көшірмейді, тек ол қалада сауда және әскери өкілдіктерін ашады.

Моррисон тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды Канберраның қолдайтынын және Иерусалимнің шығыс бөлігін оның астанасы ретінде тануға дайын екенін айтқан.


Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімі бойынша, АҚШ елшілігі Иерусалимге көшірілген. Шет мемлекеттердің көпшілігі елшіліктерін Тель-Авивте қалдыруды ұйғарған.

Израиль Конституциясы бойынша Иерусалим қаласы мемлекет астанасы болып белгіленген. БҰҰ мен әлем елдерінің көпшілігі Израильге қаланың тек батыс бөлігі ғана тиесілі деп біледі. Палестина автономиясының басшылығы астанасы Шығыс Иерусалимде орналасқан тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды мақсат тұтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG