Accessibility links

Заңгер "митингіге рұқсат етпеген" әкімдікті сотқа берді


Заңгер Антон Фабрый сот тыңдауында сөйлеп тұр. Астана, 19 желтоқсан 2018 жыл

Желтоқсанның 19-ы күні Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық сотында заңгер Антон Фабрыйдың шағымы бойынша Астана қаласы әкімдігінің митинг өткізуге рұқсат бермеу туралы қаулысына қатысты сот тыңдауы басталды. Судья Қымбат Алпысбаева Азаттық тілшісіне өзін және процесске қатысып отырған Сарыарқа аудандық прокурор көмекшісі Айдана Нұртазанованы суретке түсіруге тыйым салды.

Заңгер Антон Фабрый отырыста соттан Астана қаласы әкімдігінің тамыздың 30-ы күнгі "Конституцияның мемлекет пен қоғамдағы рөлі" тақырыбында митинг өткізуге рұқсат бермеу қаулысын заңсыз деп тануды сұрады. Алайда судья жауапкер жақ - Астана қаласы әкімдігінен ешкім келмегендіктен сот тыңдауының 25 желтоқсанда жалғасатынын хабарлады.

Сот тыңдауынан соң Азаттық тілшісіне шағым беру себебін түсіндірген заңгер елдегі негізгі заң - Конституцияның өзі бұрмаланып жазылып, халық емес, билікке қызмет етіп отырғанына налыды. Жауапкер жақтан жауап алудың сәті түспеді.

Антон Фабрый 16 желтоқсанда Конституцияның мәні туралы тағы да митинг өткізуге арыз берген. Ал Астана қаласы әкімдігі Фабрый сұраған Кенесары көшесінде Астана концерт залының алдындағы алаңда "жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жүріп, мұз қалашықтарының салынып жатқанын" хабарлаған. Антон Фабрый дәл осындай жауапты тамыз айында да алғанын, онда "бұл алаңда жөндеу жұмыстары жүретіні жазылған еді" дейді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жиын өткізетін орынға рұқсат алу қиын

Бұған дейін Қазақстанның түрлі қалаларында бірнеше азамат митинг өткізуге рұқсат бермегені үшін жергілікті әкімдіктерді сотқа берген. Қыркүйек айында дәл осындай себеппен Алматы әкімдігін сотқа берген алматылық Әлнұр Ильяшевтің шағымын сот қанағаттандырмай тастаған.

  • 16x9 Image

    Сәния ТОЙКЕН

    Сәния Тойкен Азаттық радиосында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Республикалық  "Қазақстан пионері", "Жас Алаш" газеттерінде тілші болған. Қазақстан Республикасы Жекешелендіру жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Атырау облыстық "Ақ Жайық" газетінде  тілші, қазақ редакциясының редакторы, Маңғыстау облысында шығатын "Не хабар?!" апталығының редакторы болып жұмыс істеген. 

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Ақша да, тамақ та жоқ. COVID-19 постсовет елдерінің жұртын уайымға салды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:08 0:00
XS
SM
MD
LG