Accessibility links

Шымкентте Харькованың үстінен арызданған адамның ісі қарала бастады


Шымкенттің Еңбекші аудандық соты.

Шымкенттің Еңбекші аудандық соты билік шешімімен жабылған Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының бұрынғы жетекшісі, бас бостандығы шектелген Лариса Харькованың ісіндегі жәбірленушілердің бірі Сағира Нұрбекованың үстінен түскен азаматтық шағымды қарап жатыр. Азаттық тілшісінің хабарлауынша,
азаматтық шағымды Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының комиссия төрайымы Ольга Рубаxова мен оның орынбасары Жаңабек Әбішев түсірген.

Сот процесіне судья Нұрлан Нышанов төрағалық етеді. Бүгінгі сотқа жауапкер Сағира Нұрбекова келмеді. Арызданушы Жаңабек Әбішов сотқа талап-тілек түсіріп, әрбір сот процесінің аудио және видео таспасын уақытында беріп отыруын сұрады.

"Қазақстанда кәсіподақ немесе оның жетекшісінің үстінен ешбір іс қозғалмаған. Оған заң рұқсат етпейді. Лариса Харькованың ісі алғашқы сот процесі. Бұл азаматтық іс Харькованың үстінен қозғалған қылмыстық іске тікелей қатысы болғандықтан әрбір отырыстың аудио және видеосы маңызды" деді Әбішев.

Нұрбекованың адвокаты Байсейітов соттан бұл талап-тілекті қанағаттандырмауды сұрады. Судья талап-тілекті ашық қалдырды.

Арызданушы Ольга Рубаxова судьядан әрбір сот процесіне жауап беруші Сағира Нұрбекованың қатысуын, Нұрбекованы Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясына қатысы бар екенін растайтын құжаттарды сотта ұсынуға мәжбүрлеуді сұрады. Судья үзіліс жариялап, сот процесін кейінге қалдырды.

Жаңабек Әбішов Азаттыққа "Егер сотта Сағира Нұрбекова өзінің Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясына қатысы барын дәлелдей алмаса, Лариса Харькованың үстінен қозғалған қылмыстық іс пен сот үкімі де заңсыз болып саналады" деді.

Оқи отырыңыз: Туған елінде қуғындалып, шетелде танылған кәсіподақ басшысы

Шілденің 25-і күні Лариса Харькованы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса iрi мөлшерде жымқыру") және 190-бабы 2-бөлімінің 2-тармағы бойынша ("Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін бірнеше рет жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену") бойынша айыпты деп танып, төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG