Accessibility links

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы элитада қалды


Қазақстан мен Дания арасындағы ойыннан көрініс.
Қазақстан мен Дания арасындағы ойыннан көрініс.

Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының элита дивизионындағы орнын сақтап қалды. Турнирдің екі аутсайдер командасы Қазақстан мен Дания 4 қаңтарда Ванкуверде (Канада) әлем чемпионатында қалу құқығы үшін екінші рет кездесті. Ойында Қазақстан құрамасы 4:0 есебімен жеңіске жетті. Саян Данияр, Давид Макутский бір-бір шайбадан, Артур Гатияров екі шайба салды.

2 қаңтардағы алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Даниядан 4:3 есебімен басым түскен. Екі матчтың қорытындысы бойынша Қазақстан келер жылы Чехияда өтетін әлем чемпионатына қатысатын болды. Ал Дания әлем чемпионатының бірінші дивизионына сырғыды. Оның орнын төменгі дивизионда жеңімпаз атанған Германия басады.

Канададағы әлем чемпионатында Қазақстан В тобында ойнап, Финляндиядан 5:0, АҚШ-тан 8:2, Словакиядан 11:2, Швециядан 4:1 есебімен жеңілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG