Accessibility links

Грекия парламенті алдындағы наразылық


Грекия парламенті алдындағы наразылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:46 0:00

Грекия полициясы бейсенбі күні кешке парламент ғимаратының алдына жиналған наразы топқа көзден жас ағызатын газ шашып, таратуға тырысты. Қарсылық акциясына қатысушылар биліктің көрші Македониямен арадағы ел атауын өзгертуге қатысты келісімнің мақұлданбауын талап етті. Олар келісімде көрсетілгендей, көрші елдің жаңа атауы - "Солтүстік Македония" тіркесіндегі “Македония” сөзінің сақталып қалғанын қаламайды. Беттерін бүркеген азаматтар полицияға бензин толы бөтелке мен тас лақтырды, ал парламент ғимаратын күзеткен сақшылар шерушілердің кейбірін ұстаған. Грекия парламенті де дәл осы күні Македониямен келісім бойынша ортақ мәмілеге келе алмады. Депуттардың кейбірі келісімді өзгерту керек десе, кейбірі мүлде қабылданбасын деді.

XS
SM
MD
LG