Accessibility links

Мәскеуде өрттен мерт болған адам саны сегізге жетті


Көп қабатты тұрғын үйдегі өртті сөндіруге келген адамдар. Мәскеу, 4 ақпан 2019 жыл.
Көп қабатты тұрғын үйдегі өртті сөндіруге келген адамдар. Мәскеу, 4 ақпан 2019 жыл.

Ресей астанасындағы жеті қабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан мерт болған адам саны сегізге жетті деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Бұған дейін өрттен жеті адам мерт болып, үш адамның зардап шеккені туралы хабарланған. Қаза болғандардың арасында екі бала бар.

Дүйсенбіге қараған түні Мәскеудің Никита бульварінде өткен ғасырдың бас кезінде салынған тұрғын үйде өрт шығып, төбесі ағаштан жасалған ғимаратқа лезде тараған. Анықталған мәлімет бойынша, өрт ауданы бір мың шаршы метрді құраған.

Өртенген үйде жүзге жуық пәтер болған. Олардың арасында актриса Ингеборга Дапкунайте, суретші Никас Сафронова және дирижер Юрий Башметтің қызы Ксения Башмет сынды көпшілікке белгілі адамдардың пәтерлері бар.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Құқық органдары қылмыстық іс қозғаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG