Accessibility links

Трамп жолдауында заңсыз миграциямен күресуге шақырды


АҚШ президенті Дональд Трамп конгресте жолдау жасап тұр. Вашингтон, 5 ақпан 2019 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп конгресте жолдау жасап тұр. Вашингтон, 5 ақпан 2019 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп 5 ақпанда конгресте елдегі жағдай туралы жыл сайынғы жолдауын жасады.

Трамп жолдауының ауқымды бөлігін заңсыз миграциямен күрес мәселесіне арнады. Президент Мексикамен шекарада дуал тұрғызу қажеттігін бұл жолы да айтты. Бұған дейін өкілдер палатасында басым дауысқа ие демократтар дуал салуға қарсы болғандықтан, Ақ үй мен конгресс арасындағы келіспеушілік салдарынан федералдық үкіметті қаржыландыру тоқтап қалған ("шатдаун") еді.

Оқи отырыңыз: Трамп жолдауында саяси бірлікке шақырды

Трамп конгресті ынтымаққа үндеп, дағдарыстан шығу үшін 10 күн ішінде тиісті заң жобасын қабылдауға шақырды.

"Бұл моральдық мәселе. Оңтүстік шекарадағы заңсыздық АҚШ-тың қауіпсіздігі мен игілігіне қатер төндіреді" деді ол.

Президенттің сөзінше, АҚШ-қа заңсыз келгендердің қолымен екі жылда 100 мыңнан аса тонау және төрт мың кісі өлтіру қылмыстары жасалған.

Трамп өз әкімшілігі оңтүстік шекарадағы дағдарысты тоқтату жоспарын конгреске жолдағанын айтты. Оның сөзінше, шекарада тұрғызылатын дуал "адам өмірін сақтап қалады".


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG