Accessibility links

БҰҰ Венесуэлаға қатысты резолюцияны қабылдаған жоқ


Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесі. Нью-Йорк. 12 ақпан, 2019 жыл.

Бейсенбі, 28 ақпанда Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесі Венесуэлаға қатысты қарарды қабылдаған жоқ.

АҚШ ұсынған Венесуэлада «ашық әрі әділ» президент сайлауын өткізуге шақыратын құжатқа Ресей мен Қытай вето қойды.

Ал Ресей ұсынған резолюция жобасын қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің тек төртеуі қолдады. Онда Венесуэладағы дағдарысты тұрғындар өздері шешуі тиіс және бұл іске сыртқы күштер араласып, әскери күш қолдану қауіпі төнбеуі тиіс екені айтылады.

АҚШ ұсынған қарар жобасында президент сайлауына шетелдік бақылаушылар жіберу мен Венесуэлаға гуманитарлық көмекті жеткізуге қойылған шектеуді алып тастау ұсынылған. Құжатта елдегі саяси дағдарыс экономикалық мәселелерге - азық-түлік пен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігіне әкеліп соққаны айтылған.

Өткен сенбі, 23 ақпанада Венесуэла президенті Николас Мадуроның жақтаушылары гуманитарлық жүк тиелген көлікті кіргізуге тырысқан адамдарға қарсы оқ атып, шекарашылар көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқ қолданған.

Биыл қаңтардың соңында Венесуэла Ұлттық ассамблеясы (парламент) спикері әрі оппозиция лидері 35 жастағы Хуан Гуайдо Николас Мадуроның міндетін дұрыс атқара алмай отырғанын мәлімдеп, өзін "уақытша президентпін" деп жариялаған. АҚШ, Бразилия, Канада, Израиль, Еуропа одағы елдерінің бірқатары мен Латын Америкасы мемлекеттерінің көбі оны Венесуэланың уақытша президенті деп таныды.

Бірақ Ресей, Куба, Түркия мен Қытай Мадуроны Венесуэланың заңды президенті деп санайды. Мадуро болса тұрғындарды АҚШ-тың гуманитарлық көмегінен бас тартуға шақырған. Ол АҚШ-ты Венесуэлаға әскер енгізуге дайындалып жатыр деп айыптаған.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Зеленскийдің олигархпен байланысы
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:32 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG