Accessibility links

Бірнеше қалада көшелерге Назарбаевтың аты берілді


Шымкенттегі орталық алаң
Шымкенттегі орталық алаң

20 наурызда Шымкенттегі Астана даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді. Бұл шешімді Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары қабылдады.

Сондай-ақ Өскемен мен Павлодардағы Тәуелсіздік даңғылына, Оралдағы Достық даңғылына, Атырауда Сәтпаев көшесіне, Петропавлда Мир көшесіне Назарбаевтың аты берілді. Көше атауларын өзгерту туралы шешімді қалалық мәслихаттар қабылдады.

20 наурызда парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет астанасына елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Ол "облыс орталықтарындағы негізгі көшелерге Назарбаев атын беру керек" деді. Осы күні парламент Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы заң жобасын қабылдаған.

2017 жылы Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы деп өзгертілген.

2018 жылы қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы – ред.) мәслихатының депутаттары Шымкенттегі Астана даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп өзгерту туралы ұсыныс айтқан.

2018 жылдың маусым айында Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлық шығарған. Облыс орталығы Түркістан қаласы болған. Ал халқының саны миллионға жеткен Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG