Accessibility links

Ақтөбе қаласында орталық көшеге Назарбаевтың есімі берілді


Ақтөбедегі Назарбаев даңғылы.
Ақтөбедегі Назарбаев даңғылы.

20 наурыз Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылының жарты бөлігі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді. Мұндай шешімді Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары қабылдады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, Әбілқайыр хан даңғылын екіге бөліп, оның жаңа бөлігіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары бір ауыздан қолдады. Депутаттар мұны "ұрпақтар сабақтастығының көрінісі" деп бағалаған.

Әбілқайыр хан даңғылы – Ақтөбе қаласындағы орталық көшелердң бірі. Ұзындығы - 5,5 шақырым. 1997 жылға дейін бұл даңғыл Ленин көшесі деп аталған.

20 наурызда парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет астанасына елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Ол "облыс орталықтарындағы негізгі көшелерге Назарбаев атын беру керек" деді. Осы күні парламент Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы заң жобасын қабылдаған.

20 наурызда Шымкенттегі Астана көшесі, Өскемен мен Павлодардағы Тәуелсіздік даңғылына, Оралдағы Достық даңғылына, Атырауда Сәтпаев көшесіне Назарбаевтың аты берілді. Көше атауларын өзгерту туралы шешімді қалалық мәслихаттар қабылдады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG