Accessibility links

Полиция "Астана атауын ауыстыруға наразы" тұрғынды ұстады


Зәуре Сағидолдинаны полиция ұстап жатқан сәт. Астана, 21 наурыз 2019 жыл.
Зәуре Сағидолдинаны полиция ұстап жатқан сәт. Астана, 21 наурыз 2019 жыл.

21 наурызда Астанада қала тұрғыны Зәуре Сағидолдинаны полиция ұстады. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Сағидолдина қала әкімдігіне барып Астана атауын "Нұрсұлтан" деп өзгертуге қарсылық танытпақ болғанын айтады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қала тұрғынын екі полиция таңғы ондар шамасында әкімдікке кетіп бара жатқан жолда ұстап, полиция департаментіне алып кетті.

Полиция тұрғынды ұстап жатқан сәтте қолындағы қаулыны оқып берді. Қаулыда Сағидолдинаны елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына қатысты қылмыстық іске куәгер ретінде шақырған. Полиция нақты қай қылмыстық іс екенін айтпады.

"Нұрсұлтан" атауына қарсы тұрғынды полиция ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:41 0:00

20 наурызда парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет астанасына елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Ол "облыс орталықтарындағы негізгі көшелерге Назарбаев атын беру керек" деді. Осы күні парламент Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы заң жобасын қабылдаған. Тоқаев ұсынысын Астана қалалық мәслихаты да қолдаған.

2018 жылы 13 наурызда Қазақстан билігі бұрынғы банкир, қазіргі биліктің қарсыласы Мұхтар Әблязов құрған тіркелмеген қозғалыстың іс-әрекетіне тыйым салған. Былтыр осы қозғалысқа қатысы бар деген күдікке ілінген бірнеше адам істі болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG