Accessibility links

АҚШ Назарбаевтың билікті бейбіт жолмен тапсырған ісін құрметтейді


Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев.

АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің орынбасары Роберт Палладино Нұрсұлтан Назарбаевтың президент өкілетін тоқтатуына орай мәлімдеме жасады. Мәлімдеме Астана уақыты бойынша 22 наурызда жарияланды.

Мәлімдемеде АҚШ Назарбаевтың екі ел арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға қосқан үлесін жоғары бағалаған. Вашингтон тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде Назарбаевтың жасаған жұмыстарына құрмет білдірді.

Вашингтон мемлекеттік департаменті Назарбаевтың ядролық қаруды жою үшін жасаған елеулі еңбегіне алғыс білдірген. АҚШ мемлекеттік департаменті Назарбаевтың билікті бейбіт жолмен тапсырған үлгілі ісін құрметтейді.

Палладино өз мәлімдемесінде Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтап, екі ел арасындағы қарым-қатынасты жалғастыра түседі деп үміт білдірген.

Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кіріскен.

Билік басына совет заманында көтерілген Назарбаев әуелі экономиканы дамыту саясатын ұстанатынын жиі мәлімдеген, бірақ халықаралық және жергілікті құқық қорғау ұйымдары оны қоғамды демократияландыруды тежеді, отбасы мүшелерін мемлекет қызметі мен ірі бизнес саласына орнықтырды деп сынап келген.

АҚШ мемлекеттік департаменті биылғы есебінде Қазақстандағы адам құқығы жайын сынаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG