Accessibility links

Абаев тілші жұмысына кедергі жайлы: Мәселе заңды түрде шешілуі керек


Азаттықтың түсірілім тобына кедергі жасап тұрған адам. Алматы, 22 наурыз 2019 жыл.
Азаттықтың түсірілім тобына кедергі жасап тұрған адам. Алматы, 22 наурыз 2019 жыл.

22 наурыз күні Алматы мен Нұр-Сұлтанда (Астана) Азаттық тілшілеріне жасалған кедергілер жайлы сұраққа жауап берген Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "егер ондай әрекет заңсыз болып есептелсе, онда шағым жазу керек" деді.

“[Ол туралы] Естегенім бар. Егер ондай шара қолданылса, заңды түрде шешілуі керек” деген министр заңсыз әрекеттер бойынша шағымданатын арнайы органдар барын айтты.

Ал ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан оқиға жайлы пікірін сұраған кезде “ондайды естігем жоқ, бәрі дұрыс болды” деп жауап берді.

Наурыздың 22 күні Алматы мен Нұр-Сұлтанда белгісіз топ тікелей эфирде хабар таратқан Азаттық тілшілерінің жұмысына кедергі келтірді. Олар камераның бетін көлегейлеп, тілшілерді жүрген жерінде тартқылап бөгеуге тырысты. Полицейлер адамдарды ұстаған сәтте олар шулап, ән айтып ұрандады.

Министрлер Азаттық тілшілеріне жасалған кедергілер жайлы (26 наурыз 2019 жыл).

Министрлер Азаттық тілшілеріне жасалған кедергі жайлы не деді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:09 0:00

Азаттық дәл осы мәселені AzattyqLIVE хабарында да сөз бостандығын қорғау ұйымының өкілімен талқылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG