Accessibility links

"Қаржы пирамидасын құрды" деп сотталған кәсіпкердің үкімін сот өзгеріссіз қалдырды


"Қаржы пирамидасы" ісі бойынша айыпталушы Қуаныш Жақсыбаев сотта отыр. 3 қаңтар 2018 жыл.
"Қаржы пирамидасы" ісі бойынша айыпталушы Қуаныш Жақсыбаев сотта отыр. 3 қаңтар 2018 жыл.

1 сәуірде Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық алқасы "аса ірі көлемде алаяқтық жасады" деп айыпталған "UNNNITY corporation" серіктестігінің жетекшісі Қуаныш Жақсыбаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"UNNNITY corporation" серіктестігінің жетекшісі Қуаныш Жақсыбаевқа тергеу Қылмыстық кодекстің қаржы пирамидасын құру бабымен (217- бап 3-бөлім 2-тармағы) айып тағып, биыл 3 қаңтарда 6,5 жылға сотталған.

Айыптаушылар серіктестікке тиесілі Appport мобильдік қосымшасы арқылы Қуаныш Жақсыбаев 2016-2017 жылдары 621 жәбірленушінің 167 466 000 теңгесін заңсыз иемденген деп санайды.

Оқи отырыңыз: Кәсіпкер Қуаныш Жақсыбаевтың​ ісі

Тергеу мәліметінше, Жақсыбаев салымшыларды "юникредит" аталып кеткен үлес пакеттерін сатып алып, әріптес болуға және ортақ жобадан пайда түсіруге шақырған. Кейін кейбір салымшы ешқандай пайда көрмей, ақшалары зая кеткенін айтып шағымданған.

Жақсыбаев жасап шығарған Appport – тауарлар мен қызмет түрлері туралы ақпарат топтастырылған каталог. Оның қызметін пайдаланушылар өздерін "салымшылармыз" деп атайды. Салымшылар арасында "қаржы пирамидасын құрды" деп айыпталған Жақсыбаевты қолдаушылар да аз емес. Кәсіпкер сотталғанда жақтастары сотта шу шығарған.

Видео: "Қаржы пирамидасы" сотындағы шу, 4 қаңтар 2019​ жыл.

Орта білімді 29 жастағы Қуаныш Жақсыбаев бұрын сотталған. Аппеляциялық алқаның 1 сәуір күні шығарған қаулысы күшіне енсе, Жақсыбаев 7 жыл бойы басшылық және коммерциялық қызметпен айналыса алмайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG