Accessibility links

Порошенко мен Зеленскийдің командасы дебатты 19 сәуірде өткізуге келісті


Украина президенттігіне кандидат Петр Порошенко мен Владимир Зеленскийдің командалары дебатты 19 сәуірде өткізуге келісті. Бұл туралы Порошенко штабының өкілі Олег Медведев хабарлады.

Оның сөзінше, екі тарап қазір қауіпсіздік мәселелері мен дебаттың регламенттерін ақылдасып жатыр. Медведев "Порошенко мағыналы дискуссия болғанын қалайды, ал Зеленский дебатты шоу форматында өткізгісі келеді" деді.

  • Сайлаудың екінші кезеңіне өткен соң Зеленский Порошенконы дебатқа шақырған. Порошенко бірден келісім берген. Дебат 14 сәуірге белгіленген. Киевтегі "Олимпийский" стадионы дебат өтетін жер ретінде таңдалған.
  • 14 сәуірде Порошенко дебатқа келген. Бірақ Зеленский "дебатты өз мақсатына пайдаланғысы келетін күштер бар" деп стадионға келмеді. Порошенко стадионға келген жақтастарының алдында сөз сөйлеп, журналистерге сұхбат берген.
  • 31 наурызда Украинадағы сайлауда Зеленский 30 пайыз, Поршенко 15 пайыз дауыс жинап, екінші турға өткен. Киев халықаралық институтының сауалнамасының нәтижесі бойынша, екінші кезеңде сайлаушылардың 72 пайызы Зеленскийге дауыс беруге дайын.
  • Сайлаудың екінші кезеңі 21 сәуірде өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG