Accessibility links

Порошенко келесі сайлауда жеңіске жетуге ниетті екенін айтты


Порошенконы қолдап келгендердің бірі. Плакатта "Дякую" ("Рақмет") деп жазылған. Киев, 22 сәуір 2019 жыл.
Порошенконы қолдап келгендердің бірі. Плакатта "Дякую" ("Рақмет") деп жазылған. Киев, 22 сәуір 2019 жыл.

22 сәуірде Киевтегі Украина президентінің әкімшілігі ғимараты алдында Петр Порошенко ел билеген шақта жүзеге асырған реформаларға алғыс ретінде "Рақмет, Петр" акциясы өтті. 19.00-ге қарай алаңға мыңдаған адам жиналды. Әкімшілік қызметкерлері қақпаны ашып, жиналғандар ғимарат алдына таяды.

Жақтастарын қарсы алған Петр Порошенко жиналғандардың қолдауына алғыс білдіріп, жетістіктер алда екенін айтқан.

"Украинская правда" газеті Порошенконың "парламент сайлауында жеңіске жетеміз. Келесі президент сайлауынан соң Банковая көшесіне ораламыз" деген сөзін келтіреді. Порошенко айтқан Банковая көшесінде Украина президентінің әкімшілігі орналасқан.

21 сәуірде Украинада президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Бюллетеньдердің 99 пайызы саналғаннан кейін шоумен Владимир Зеленскийдің 73 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткені белгілі болды. Сайлаудың екінші кезеңінде елді осыған дейін басқарған Петр Порошенко дауыс берушілердің 25 пайыз дауысын жинады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG