Accessibility links

Түрме әкімшілігі "Шаңырақ ісімен" сотталған Өтегеновке құқық қорғаушыны кіргізбеді


Құрманғазы Өтегенов "Шаңырақ ісі" бойынша сотта отыр. Алматы. 11 қыркүйек, 2007 жыл.
Құрманғазы Өтегенов "Шаңырақ ісі" бойынша сотта отыр. Алматы. 11 қыркүйек, 2007 жыл.

Павлодардағы қатаң режимдегі түрме әкімшілігі "Шаңырақ ісімен 16 жылға сотталған" Құрманғазы Өтегеновке құқық қорғаушы Елена Семенованы кіргізбеді. Бұл туралы Азаттыққа Өтегеновтің өзі хабарлады.

Павлодар облысындағы қоғамдық бақылау комиссиясының жетекшісі Елена Семенова бұл ақпаратты растады. Түрме әкімшілігі Семеноваға Өтегеновтің маусымға дейін қысқа мерзімді кездесулер лимиті таусылғанын айтқан. "Ал Өтегенов ұзақ мерзімді кездесуге рұқсат сұрамады" деген түрме әкімшілігі.

- Құрманғазы Өтегенов менің келуімді сұрап Азаттық сайты арқылы қайырылыпты. Сол мақаланы алып барып көрсеттім. Бірақ маған бәрібір рұқсат еткен жоқ. Өтегеновтің шартты жазамен босап шығу туралы өтініш тапсыратын мерзімі таяп келе жатыр. Оның мүддесін қорғауым үшін Өтегеновпен жолығып, сенімхат алуым керек, - деді Семенова.

Азаттық тілшісімен сөйлескен түрме қызметкері "сотталғандармен жолығу мәселесімен Ұлттық ұлан айналысатынын, өзінің олармен байланысы жоғын" айтып, бұған қатысты пікір білдірмеді.

Өтегенов 2006 жылғы 14 маусымда Алматының шетіндегі Шаңырақ ықшамауданында болған оқиғаларға қатысты деп айыпталып, 16 жылға түрме жазасына кесілген. Кейін оған “түрме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбады” деген айып тағылып, негізгі жаза мерзіміне тағы екі жарым жыл қосылған.

2006 жылы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған Арон Атабек те әлі қамауда отыр.

Ал "Шаңырақ ісі" бойынша түрмеге қамалған Рүстем Тұяқов пен Ерғанат Тараншиев 2018 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG