Accessibility links

Бұрынғы мәжіліс депутаты ОСК-ға құжаттарын өткізді


"Қазақстанның құрылысшылар одағы" атынан президент сайлауына үміткер ретінде құжат тапсырған Талғат Ерғалиев.
"Қазақстанның құрылысшылар одағы" атынан президент сайлауына үміткер ретінде құжат тапсырған Талғат Ерғалиев.

Сәуірдің 27-сі күні орталық сайлау комиссиясы "Қазақстанның құрылысшылар одағы" заңды тұлғалар республикалық бірлестігі атынан президент сайлауына қатысуға ниет білдірген Талғат Ерғалиевтің құжаттарын тапсырғанын хабарлады.

24 сәуір күнгі "Ақ жол" партиясының съезінде Талғат Ерғалиевтің аты партия атынан сайлауға түсуі мүмкін үміткерлер тізімінде болған, бірақ партия мүшелерінің көбі Дания Еспаеваны қолдап, дауыс берген.

"Қазақстанның құрылысшылар одағы" ресми сайтында ұйым отырысы жайлы, Ерғалиевті үміткер ретінде ұсынғаны туралы ақпарат жоқ.

Ашық дереккөздерінде 51 жастағы Талғат Ерғалиевтің Ақмола облысында туғаны, мамандығы инженер-механик екені айтылады.

2012-2016 жылдары парламент мәжілісінің депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болған. Мәжіліске "Ақ жол" партиясы атынан сайланған.

2010 жылдан бастап Қазақстанның құрылысшылар одағына жетекшілік етіп келеді.

27 сәуірде орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына түсуге ниет білдірген Дания Еспаева мен Амангелді Таспиховқа қол жинауға рұқсат берді. Еспаеваны - "Ақ жол" партиясы, Таспиховты Қазақстан кәсіподақтар федерациясы үміткер ретінде ұсынған. Заң бойынша, енді үміткерлердің әрқайсысы 118 мың қол жинауы тиіс.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Президент сайлауына кандидат ұсыну 28 сәуір кешке дейін жалғасады, кандидаттарды тіркеу 11 мамырда аяқталады.

Қазірге дейін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандидаттардың тізімі:

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG