Accessibility links

Оралда "Уральская неделя" газеті журналистеріне полиция келді


Лұқпан Ахмедияров, "Уральская неделя" басылымының бас редакторы.
Лұқпан Ахмедияров, "Уральская неделя" басылымының бас редакторы.

1 мамырда таңертеңгі сағат 10.30 шамасында "Уральская неделя" газетінің журналисі Лұқпан Ахмедияровқа полицейлер келіп, Орал қалалық полиция басқармасына шақырған.

- Полицейлер әкелген шақыру қағазында "қорғауға құқығы бар куәгер" деп жазылып тұр. Бірден өздерімен алып кеткісі келді, бірақ мен "жұмыс күні шақырыңыздар, бүгін демалыс болғандықтан келе алмаймын" деп жазып бердім. Олар кетерінде "күштеп жеткізуге" рұқсат алып келеміз деп кетті, - деді журналист Азаттыққа.

"Уральская неделя" басылымының шығарушысы Тамара Еслямова таңертеңнен бері үйінің алдын полиция күзеткенін айтты.

- Бүгін таңертеңгі сағат тоғыздан кейін жеңіл көлік есігімнің алдында тұрды, ішінде ер және әйел адам болды. Екі сағаттан аса уақыт тұрып, жаңа ғана кетті. Суретке түсірейін десем түрлерін жасырып қалады. Фейсбукке жазғаннан кейін кетті-ау деймін. Мұның алдында екі көлікпен тұрған, - дейді Тамара Еслямова.

Бүгін, 1 мамырда белгісіз біреулер Нұр-Сұлтандағы Азаттық журналистерінің жұмысына кедергі жасады.

Бұған дейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Арлем Дезир Қазақстан билігін саяси-әлеуметтік мәселелерді жазатын журналистер мен блогерлерді қудаламауға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG