Accessibility links

Тіл сынағынан өтпей қалған үміткер Әлиев апелляциялық шағым түсірді


Жұматай Әлиев.
Жұматай Әлиев.

Президент сайлауына түскісі келіп, бірақ қазақ тілі сынағынан өтпей қалған үміткер Жұматай Əлиев Орталық сайлау комиссиясының шешіміне апелляциялық шағым түсірді.

Әлиевті сайлауға кандидат ретінде ұсынған "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігі апелляциялық шағымының бір данасын Азатыққа ұсынды. Парламент мәжілісінің депутаты, философия ғылымдарының докторы, академик Әлиев комиссияның "қазақ тілін меңгермеген" деген шешімімен келіспейді.

Оның жазуынша, "сауатсыз" деген шешім өзінің ғана емес, өзімен бірге жұмыс істейтін профессорлардың да ар-намысына тиген. Әлиевтің айтуынша, жазбаша жұмыс кезінде жазғанын қағаз жоқ деп қайта көшіруге мүмкіндік бермеген.

"Екінші тапсырмада Əуезовтің "Абай жолы" романының "Биікте" тарауын оқып жатқанымда аяқтатпады. "Ырыс алды-ынтымақ" деген тақырыпта ойымды толық жеткіздім. Алайда мені сыртқа шығарып, сырттай "сауатсыз, 19 қате жіберді" деген ақпарат таратып, халықтың алдында ар-намысымды қорлады" деп жазылған шағымда.

Жұматай Əлиев Орталық сайлау комиссиясынан тіл комиссия шешімін бұзып, конституциялық құқығын қалпына келтіруді, оның бұзылуына жол берген комиссия мүшелерін жауапкершілікке тартуды сұрайды.

"Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшелері де "қазақы ауылда өскен Əлиев қазақ тілін білмейді деу тек үміткерді емес, қоғамдық ұйымды да алалау" деп мәлімдеді.

"Кандидатымыз мемлекеттік тіл емтиханын жемісті тапсырып, лингвистикалық комиссиясының мүшелерінен мадақ естіген үміткер саясаткерлерден кем емес. Бұл жағдай сайлау процесіне абырой əкелмейді" дейді олар.

2 мамырда Орталық сайлау комиссиясы "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынған үміткер Жұматай Әлиевті президент сайлауына өткізбеді. Тіл комиссиясы Әлиев "қазақ тілін меңгермеген" деген шешім шығарған.

9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына жеті кандидат тіркелді:

Ал бұған дейін Қазақстан құрылысшылары одағы кезектен тыс президент сайлаына үміткер ретінде ұсынған Талғат Ерғалиев кейін құжаттарын қайтарып алды. Ал ЖСДП президент сайлауына бойкот жариялады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG