Accessibility links

Алматыда Қазақстан президенттігіне кандидат Таспиховтің штабы құрылды


Қазақстан президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың Алматыда ашылған штабының отырысы. Алматы, 8 мамыр 2019 жыл.
Қазақстан президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың Алматыда ашылған штабының отырысы. Алматы, 8 мамыр 2019 жыл.

8 мамырда Алматыда "Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы" республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан президент сайлауына кандидат ретінде тіркелген 59 жастағы Амангелді Таспиховтың қалалық сайлау штабы құрылды.

Алматы қалалық сайлау штабтың ашылуына қалалық кәсіподақ ұйымының жетекшісі Зәуреш Өмірбаева келді.

- Астанада біздің орталық штабымыз құрылған. Онда он адам бар. Қазір Қазақстанның барлық облысында, Шымкент пен Астанада штабтар құрылып жатыр. Біз бүгін Алматы қаласында да осындай жергілікті штабтың құрылғанын мәлімдейміз. Штаб құрамында 11 адам бар, - деді Өмірбаева.

Зәуреш Өмірбаева Азаттық тілшісінің "Қолдаушылардың қолын штабсыз қалай жинадыңыздар?" деген сұрағына "Штабты ресми түрде жарияламасақ та, штаб мүшелері жер-жерде жұмыс істеп жатты" деп жауап берді.

Өмірбаева кәсіподақтың екі миллионнан аса мүшесі барын айтады. Оның сөзінше, Таспиховтың қол жинау науқанына Алматы мен Шымкент тұрғындары қатыспаған.

9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына жеті кандидат тіркелді:

Қазақстандық кей оппозициялық ұйымдар ерте сайлауға бойкот жариялаған.

Қазақстанда президент сайлаулары 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылы өткен. Олардың үшеуі кезектен тыс болды. Барлығында елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеңген. Батыс бақылаушылары Қазақстандағы президент сайлауларының ешқайсысын халықаралық стандартқа сәйкес өтті деп таныған жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG