Accessibility links

Президенттікке кандидаттардың әрбіріне бюджеттен 7,3 миллион теңге беріледі


Нұр-Сұлтандағы орталық сайлау комиссиясының кеңсесі.

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттардың үгіт-насихаты үшін әрбіріне 7,3 миллион теңге (19 мың доллардай) берілетінін хабарлады. Оның 5,2 миллион теңгесі - кандидаттың теледидарда бағдарламасын таныстыруға, 471 200 теңгесі көлік шығындарына беріледі.

Кандидаттарды тіркеу 11 мамырда аяқталуы тиіс еді, алайда сайлау комиссиясы 6 мамырда кандидаттың бәрі тіркелгенін хабарлады. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың сөзінше, бұған кандидаттардың талапқа сай екенін анықтаудың және қол жинаудың ерте аяқталуы себеп.

9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына жеті кандидат тіркелді:

Қазақстандық кей оппозициялық ұйымдар ерте сайлауға бойкот жариялаған.

Сайлауалды үгіт-насихат Нұр-Сұлтан уақытымен 11 мамыр күні 18.00-ден кейін басталады.

Дерек бойынша, сайлау өткізуге бюджеттен 9,4 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаражат республика бойынша ашылатын 10 мыңға жуық сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыруға жұмсалады. Учаскелерде 70 мыңға жуық адам істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG