Accessibility links

Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды


Орталық сайлау комиссиясының жиыны. Нұр-Сұлтан, 10 сәуір 2019 жыл.
Орталық сайлау комиссиясының жиыны. Нұр-Сұлтан, 10 сәуір 2019 жыл.

Сенбі, 11 мамырда Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды. Ол маусымның 7-і күні түнгі 23:59-де аяқталады. 8 маусым - Тыныштық күні.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Оған әуел баста тоғыз адам қатысуға ниет білдіргенмен Орталық сайлау комиссиясы жеті адамның тіркелгенін хабарлады.

2 мамырда Орталық сайлау комиссиясы "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынған үміткер Жұматай Әлиевті президент сайлауына өткізбеді. Тіл комиссиясы Әлиев "қазақ тілін меңгермеген" деген шешім шығарған.

7 мамырда Жұматай Əлиев Орталық сайлау комиссиясының шешімімен келіспейтінін айтып, апелляциялық шағым түсірді.

Ал бұған дейін "Қазақстан құрылысшылары одағы" кезектен тыс президент сайлаына үміткер ретінде ұсынған Талғат Ерғалиев кейін құжаттарын қайтарып алды.

9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына тіркелген жеті кандидат:

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG