Accessibility links

ОСК: Бюллетеньдерді басып шығаруға 132 млн теңге қажет


2019 жылы 9 маусымда Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы өтетіні туралы жарнама. Алматы, 14 мамыр 2019 жыл.

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына қажетті бюллетеньдерді басып шығару үшін 132 млн 742 мың теңге жұмсайды. Бұл туралы 21 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен ОСК жиынында айтылды.

Сайлау комиссиясының дерегінше, елдегі сайлаушылар саны - 11 млн 947 мың 955 адам. Ал сайлауға 12 млн 67 мың 475 бюллетень қажет. Бір бюллетень құны - 11 теңге.

Қазақстанда 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына жеті кандидат тіркелген:

Қасым-Жомарт Тоқаев - "Нұр Отан" партиясы;

Сәдібек Түгел - "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы;

Амангелді Таспихов - Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;

Дания Еспаева - "Ақ жол" партиясы;

Төлеутай Рақымбеков - "Ауыл" партиясы;

Жамбыл Ахметбеков - Қазақстан коммунистік халық партиясы;

Әміржан Қосанов - "Ұлт тағдыры" қозғалысы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG