Accessibility links

Алматыда Денис Тенді еске алды

Денис Тенді еске алу шарасында азаматтар спортшыға арналған ескертішке гүл қойып жатыр. Алматы, 19 шілде 2019 жыл.
Денис Тенді еске алу шарасында азаматтар спортшыға арналған ескертішке гүл қойып жатыр. Алматы, 19 шілде 2019 жыл.

Бүгін Алматыда 2018 жылы шілде айында кісі қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алу шарасы өтті. Оған спортшының туыстары, оны білетін азаматтар, жергілікті билік өкілдері, белсенділер, қала тұрғындары қатысты.

Денис Тенге арналған ескерткіш алдында өткен шарада қатысушылар спортшы жайлы естеліктерімен бөлісті. Спортшы Ислам Байрамуков мұндай заңбұзушылық болмағанда "Денис Теннің өлімін алдын алуға болатын еді" деп елде бұзақылықтың жайылып кеткенін меңзеді. Еске алу рәсімінде Денис Теннің өзі орындаған ән қойылды. Келген азаматтар Тен мүсініне гүл қойып, кейбірі көзіне жас алып жатты.

Қарай отырыңыз: Денис Теннің жеңістері (Мұрағаттағы суреттермен топтастырылып жасалды).

Денис Теннің жеңіске жеткен сәттері

Денис Тен Сочи олимпиадасында өнер көрсетіп жатқан сәт. Бұл ойындарда Тен қола медаль алды. Бұл - Қазақстанның Сочидегі жалғыз медалі. 14 ақпан 2014 жыл.
1/20 Денис Тен Сочи олимпиадасында өнер көрсетіп жатқан сәт. Бұл ойындарда Тен қола медаль алды. Бұл - Қазақстанның Сочидегі жалғыз медалі. 14 ақпан 2014 жыл.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Денис Тен Сочи олимпиадасында әділқазылардың бағасын күтіп отырған сәт. 14 ақпан 2014 жыл. 
2/20 Денис Тен Сочи олимпиадасында әділқазылардың бағасын күтіп отырған сәт. 14 ақпан 2014 жыл. 
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Денис Тен Сочи олимпиадасының медалін мойнына таққан сәт. 15 ақпан 2014 жыл. 
3/20 Денис Тен Сочи олимпиадасының медалін мойнына таққан сәт. 15 ақпан 2014 жыл. 
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Денис Тен 2013 жылы Канадада өткен әлем чемпионатында күміс медаль алды. Әлемдік мамандар Теннің бұл жеңісін сенсация деп бағалады. 15 наурыз 2013 жыл. 
4/20 Денис Тен 2013 жылы Канадада өткен әлем чемпионатында күміс медаль алды. Әлемдік мамандар Теннің бұл жеңісін сенсация деп бағалады. 15 наурыз 2013 жыл. 
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Денис Тен Канададағы әлем чемпионатында төрешілер бағасын естіген сәт. Жанында бапкері Фрэнк Кэролл отыр. 15 наурыз 2013 жыл. 
5/20 Денис Тен Канададағы әлем чемпионатында төрешілер бағасын естіген сәт. Жанында бапкері Фрэнк Кэролл отыр. 15 наурыз 2013 жыл. 
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Тен Канададағы әлем чемпионатының тұғырында тұр. Алтынды канадалық Патрик Чан (ортада), қоланы испаниялық Хавьер Эрнандес иеленген. 
6/20 Тен Канададағы әлем чемпионатының тұғырында тұр. Алтынды канадалық Патрик Чан (ортада), қоланы испаниялық Хавьер Эрнандес иеленген. 
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Денис Тен 2015 жылы Сеулде (Оңтүстік Корея) Азия, Америка, Австралия, Африка спортшылары қатысатын "Төрт құрлық чемпионатында" жеңіске жетті. Тен - бұл жарыста алтын алған алғашқы қазақстандық спортшы. 14 ақпан 2015 жыл. 
7/20 Денис Тен 2015 жылы Сеулде (Оңтүстік Корея) Азия, Америка, Австралия, Африка спортшылары қатысатын "Төрт құрлық чемпионатында" жеңіске жетті. Тен - бұл жарыста алтын алған алғашқы қазақстандық спортшы. 14 ақпан 2015 жыл. 
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Денис Тен Сеулдегі жарыста. 14 ақпан 2015 жыл.
8/20 Денис Тен Сеулдегі жарыста. 14 ақпан 2015 жыл.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Денис Тен мәнерлеп сырғанауда қиын элементтерді орындайтын санаулы спортшылардың бірі болды. 
9/20 Денис Тен мәнерлеп сырғанауда қиын элементтерді орындайтын санаулы спортшылардың бірі болды. 
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Денис Тен 2015 жылы Шанхайда өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленді. 
10/20 Денис Тен 2015 жылы Шанхайда өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленді. 
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Денис Тен 2011 жылы Астана мен Алматыда өткен Азия ойындарында чемпион атанды. 4 ақпан 2011 жыл. 
11/20 Денис Тен 2011 жылы Астана мен Алматыда өткен Азия ойындарында чемпион атанды. 4 ақпан 2011 жыл. 
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Денис Тен 2009 жылы Лос-Анжелесте өткен әлем чемпионатында 8-орын алып, алғаш рет әлемдік жарыста үздік ондыққа енді. Ол кезде спортшы 16 жаста еді. Денистің жанында бапкері Елена Буянова отыр. 26 наурыз 2009 жыл.
12/20 Денис Тен 2009 жылы Лос-Анжелесте өткен әлем чемпионатында 8-орын алып, алғаш рет әлемдік жарыста үздік ондыққа енді. Ол кезде спортшы 16 жаста еді. Денистің жанында бапкері Елена Буянова отыр. 26 наурыз 2009 жыл.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Денис Тен 2017 жылы Алматыда өткен қысқы Универсиадада алтын алды. 
13/20 Денис Тен 2017 жылы Алматыда өткен қысқы Универсиадада алтын алды. 
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Денис Тен Пхенчхандағы қысқы олимпиада ойындарында. 16 ақпан 2018 жыл.
14/20 Денис Тен Пхенчхандағы қысқы олимпиада ойындарында. 16 ақпан 2018 жыл.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Тен олимпиадада 27-орын алып, "бұл нәтижесін сәтсіздік" деп бағалады. Ол Пхенчхан олимпиадасына аяқ жарақатымен келгенін айтты. 
15/20 Тен олимпиадада 27-орын алып, "бұл нәтижесін сәтсіздік" деп бағалады. Ол Пхенчхан олимпиадасына аяқ жарақатымен келгенін айтты. 
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Денис Тен 2022 жылғы олимпиаданы өткізетін қаланы таңдаған жиында сөз сөйлеп тұр. Ол Алматы кандидатурасын таныстырған Қазақстан делегациясының құрамында болды. Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен 2022 жылғы олимпиаданы өткізу құқығы Пекинге (Қытай) берілген. 31 шілде 2015 жыл. 
16/20 Денис Тен 2022 жылғы олимпиаданы өткізетін қаланы таңдаған жиында сөз сөйлеп тұр. Ол Алматы кандидатурасын таныстырған Қазақстан делегациясының құрамында болды. Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен 2022 жылғы олимпиаданы өткізу құқығы Пекинге (Қытай) берілген. 31 шілде 2015 жыл. 
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Денис Тен әлемдік Гран-при жарыстарында бірнеше мәрте жүлде алды. 
17/20 Денис Тен әлемдік Гран-при жарыстарында бірнеше мәрте жүлде алды. 
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
​Спортшы бірнеше жыл Мәскеуде және Лос-Анджелесте жаттыққан. Ресейлік Татьяна Тарасова және Елена Буянова, Николай Морозовтың қол астында жаттыққан. 
18/20 ​Спортшы бірнеше жыл Мәскеуде және Лос-Анджелесте жаттыққан. Ресейлік Татьяна Тарасова және Елена Буянова, Николай Морозовтың қол астында жаттыққан. 
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан олимпиадада және әлем чемпионатында медаль алған алғашқы қазақстандық спортшы болған. 
19/20 Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан олимпиадада және әлем чемпионатында медаль алған алғашқы қазақстандық спортшы болған. 
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Денис Тен биыл күзде Мәскеуде өтетін әлемдік Гран-при жарысына қатысуы керек еді. ​
20/20 Денис Тен биыл күзде Мәскеуде өтетін әлемдік Гран-при жарысына қатысуы керек еді. ​
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды.
Previous slide
Next slide

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен былтыр 19 шілдеде Алматыда ауруханада қайтыс болған. Көшеде тұрған автокөлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болған спортшыны екі адам пышақтап кеткен. Кейін бұл оқиға бойынша Құдайбергенов, Қиясов және Толыбаева ұсталған.

17 қаңтарда Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты спортшы Денис Теннің өліміне байланысты айыпталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты - 18 жылға, Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айырған.

XS
SM
MD
LG