Accessibility links

Денис Теннің жеңіске жеткен сәттері

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды. Спортшы былтыр 19 шілдеде Алматыда кісі қолынан қаза тапқан. Көшеде тұрған автокөлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болған спортшыны екі адам пышақтап кеткен. Кейін 17 қаңтарда Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты спортшы Денис Теннің өліміне байланысты айыпталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты - 18 жылға, Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айырған.

Азаттық Денис Теннің карьерасындағы жеңістерінен фотогалерея ұсынады. ​

XS
SM
MD
LG