Accessibility links

Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды


Білім және ғылым министрлігінің ғимараты. Нұр-Сұлтан, 2017 жыл.

Білім және ғылым вице-министрі болып Шолпан Каринова тағайындалды деп хабарлады сенбі күні премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Шолпан Каринова 1972 жылы дүниеге келген. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын тәмамдаған. Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде (Ресей) оқыған.

Каринова 2018 жылдың қазан айынан бері "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының педагогикалық шеберлік орталығында қызмет атқарған. Оған дейін 2017-2018 жылдары білім және ғылым министрлігінде мектепке дейінгі және орта білім беру департаментіне жетекшілік еткен.

Бұған дейін Қазақстанның бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева "жемқорлық" айыбымен ұсталып, шілде айының ортасында айыппұлмен сот залынан босатылған еді. Тергеу изоляторында 34 күн отырған Суханбердиева тергеу кезінде айыбын мойындап, прокурормен процессуалдық келісім жасасқан.

Оқи отырыңыз: "Процессуалдық келісім жемқорлықты ұлғайтады". Суханбердиева ісінің жаңғырығы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG