Accessibility links

Әбдірахымов премьер-министрдің кеңесшісі болды


Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов. 27 маусым 2019 жыл.

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов премьер-министрдің кеңесшісі болды. Бұл ақпаратты 13 қыркүйекте үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметінен 30 шілде күні кеткен. Сол күні Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Қырымбек Көшербаев "Ғабидолла Әбдірахымов басқаратын Шымкент қаласының республикалық бюджетке қарызы 20 миллиард теңгеге жақындағанын" және оған "биліктің сенімі сарқылғанын" айтқан.

Қызметінен кетер бұрын әлеуметтік желіде Әбдірахымовтың Лондоннан түсірген видеосы қызу талқыланып, көбі сынаған еді. Кейбір сарапшылар мен белсенділер Әбдірахымов отставкасына осы видео түрткі болды деп есептейді.

Оқи отырыңыз: Ғабидолла Әбдірахымовтың "саяси қателігі" және "қазіргі әкімдер образы"

Қала әкімі қызметіне 2015 жылы тағайындалған Әбдірахымов 2017 жылы "Нұр Отан" партиясының xатшысы қызметіне ауысқан еді. Бірақ былтыр 20 маусымда Әбдірахымов Шымкент әкімі болып қайта оралған.

Қазақстанда облыс, республикалық мәртебесі бар қалалар мен астана әкімдерін президент тағайындайды.

Әбдірахымовтан соң Шымкент әкімі қызметіне Ерлан Айтаханов тағайындалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG