Accessibility links

Түркіменстанда бұрынғы сауда министрін жемқорлық айыбымен соттады


Түркіменстан мемлекеттік телеарнасының видеосынан скриншот. Қолына кісен салынған бірнеше адам коррупциялық қылмыс жасағанын мойындап тұр. 13 қыркүйек 2019 жыл.

Түркіменстанның бұрынғы сауда министрі жемқорлық айыбымен сотталды

Түркіменстанның бұрынғы сауда және сыртқы экономикалық байланыс министрі Амандурды Ишанов қызметтен алынған соң көп ұзамай жемқорлық айыбымен сотталған. Оның қанша жылға сотталғаны әзірге белгісіз. 13 қыркүйекте Түркіменстанда мемлекеттік телеарналар көрсеткен видеода қолына кісен салынған бірнеше ер адамның арасында Ишанов та байқалады. Олар бір-бірімен байланысы жоқ коррупциялық қылмыс жасағанын мойындайды.

Бұл видео үкімет отырысында бас прокурор Батыр Атаев ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің бастамасы бойынша жүргізілген жемқорлыққа қарсы күрес шараларының қорытындысымен таныстырған кезде бірнеше үлкен монитордан көрсетілді.

Видеода Ишанов белгілі кәсіпкер Чарымұхамет Кулов және кейбір мемлекеттік өндірістік кәсіпорын басшыларымен бірге бірнеше жыл бойы әртүрлі жемқорлық қылмысын жасағанын мойындайды. Ресми ақпаратта Ишанов пен онымен бірге видеода көрсетілген өзге адамдардың қанша жылға сотталғаны айтылмаған.

Аты-жөнін атамай сұхбат беруге келіскен түркіменстандық бірнеше тұрғын "айыбын мойындаған жемқорлар" туралы видео шынайыға ұқсамайтынын айтып, оны биліктің жемқорлықпен күресіп жатқанының "дәлелі" ретінде көрсеткен болуы мүмкін деп топшылайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG