Accessibility links

Алматыда өрт болған цехтың орнынан өлген адам табылған


Бояу сақтайтын қоймадан шыққан өрттің орны. Алматы, 17 қыркүйек 2019 жыл.
Бояу сақтайтын қоймадан шыққан өрттің орны. Алматы, 17 қыркүйек 2019 жыл.

17 қыркүйекте Алматыда өртенген жихаз цехының орнынан өлген адам табылған. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Биіктігі бір метрден асатын үйіндінің астынан мәйіт табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол - әйел" деп хабарлады баспасөз қызметі.

Түске қарай Жетісу ауданындағы Ратушный көшесінде орналасқан жихаз цехы мен қоймада өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдай қызметкерлері бір жарым сағаттан кейін өртті сөндірген.

Өрт пен адам қазасына не себеп болғаны туралы әзірге өзге ақпарат жоқ.


Соңғы айларда Алматыда бірнеше ірі өрт болды. 6 қыркүйекте Солтүстік айналым бойында орналасқан сауда орындары өртенген. Өртті сөндіруге тікұшақтар да қатысты. 11 қыркүйекте телемұнара тұрған ауданда қураған ағаш өртенді, кейін ол жерден өлген адам табылған. Полиция адам қазасының жай-жапсарын анықтау үшін тергеу бастағанын хабарлаған. 18 шілдеде Жетісу ауданында жүздеген тонна сырланған бұйым сақтаулы тұрған қоймада өрт шыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG