"Ресейде 2003 пен 2016 жылдар аралығында ішімдік ішу 43 пайызға азайып, адам өмірі ұзарды" делінген дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) баяндамасында.
Ұйымның 1 қазанда жарияланған есебінде авторлар бұл өзгерісті Ресейдегі ішімдік ішуді шектеу және салауатты өмір сүру шараларымен байланыстырған. Соның нәтижесінде Ресейде адам өмірінің орташа ұзақтығы 2018 жылы алғаш рет ең жоғары межеге жеткен (ерлер - 68 жас, әйелдер - 78 жас).
"Ресей әлемде ішімдікті көп ішетін елдер қатарына жатады, дегенмен ішімдікпен күресуден өзге елдерге үлгі бола алады" деп санайды ДДСҰ сарапшысы Карина Феррейра Боржес.
Баяндамаға қарағанда, Ресейде ішімдік ішуді шектеуге арналған 2000 жылдардан бергі шаралар: ішімдік жарнамасын шектеу, ішімдік салығын өсіру, белгілі бір уақыт аралығында ішімдік сатуға тыйым салу - ішімдіктен қайтыс болатындарды азайтуға септескен.
Оқи отырыңыз: Арақ ішу жөнінен Қазақстан бесінші орынға шықты
2016 жылы Ресейде жан басына шаққанда әр адамға 11,7 литр алкоголь ішімдігі ішілген.
ПІКІРЛЕР