Accessibility links

ҰҚК: 240 кг уран концентраты саудасының жолы кесілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік қызметі Қызылорда облысы аумағында 240 кг уран концентраты саудасының жолы кесілгенін хабарлады.

Хабарға қарағанда, 23 қазанда өткізілген "арнайы операция" нәтижесінде қылмыстық кодекстің "радиоактивтi заттармен заңсыз жұмыс істеу" бабы бойынша күдікті ретінде 4 адам ұсталған.

ҰҚК сайтында жарияланған мәліметте "қолға түскен уран концентратын ядролық физика институты мамандары қауіпті радиоактивті зат деген қорытынды шығарды. Сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен халық денсаулығына қатерлі" деп көрсетілген.

- Тергеу мәліметтері бойынша радиоактивті затты қылмыстық топ өкілдері ванадий кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрлаған, - деп жазады ҰҚК баспасөз қызметі.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG