Accessibility links

Хаменеи: Тегеран АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізбейді


Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи.
Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи.

Тегерандағы АҚШ елшілігін басып алу оқиғасына 40 жыл толуын атап өту күні қарсаңында Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи Иран бұдан былай да АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізбейді деп мәлімдеді.

"Американың араласуын тоқтатудың бір жолы - онымен кез келген келіссөзге тыйым салу. Бұл Иран Американың қысымына жол бермейді дегенді білдіреді" деді Әли Хаменеи 3 қарашада мемлекеттік телеарнада сөйлеген сөзінде

"Егер кімде-кім АҚШ-пен келіссөз жүргізіп, барлық мәселені шешем деп ойласа, ол әрине қателеседі. АҚШ-пен әңгімелесуден пайда жоқ, себебі олар ешқашан кері шегінбейді" деді ол.

Тегеран және Вашингтон арасындағы қарым-қатынас 2018 жылы көктемде күрт ушығып кетті. АҚШ пен Еуропа одағы санкцияларын алып тастағанының өтеуі ретінде Иран 2015 жылы уранды байыту деңгейін азайтуға келіскен. Бірақ 2018 жылы мамырда Вашингтон Тегеранды "ядролық қару жасап жатыр" деп айыптап, келісімнен шыққан.

Вашингтон мұнай экспортын тежеуге бағытталған экономикалық санкция салған.

1979 жылы 4 қарашада қарулы ирандықтар АҚШ-тың Ирандағы елшілігін басып алып, 52 америкалықты кепілге алып, биліктен кетірілген Иран шахы Мохаммед Реза Пехлевиді соттау үшін Тегеранға қайтаруды талап еткен. Вашингтон Мохаммед Реза Пехлевиді қайтарудан бас тартып, қарулы адамдар кепілдегілерді 444 күн ұстаған. Содан бері екі ел арасында дипломатиялық қатынас үзілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG