Accessibility links

Министр: Жыл соңына дейін 57 мыңға жуық адамның несиесі кешірілуі мүмкін


"Несиесі кешірілетін" адамдар тізіміне ену үшін құжат жатасып жүрген адамдар. Атырау, қыркүйек, 2019 жыл. azh.kz сайтындағы сурет.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жыл соңына дейін Қазақстанда "жеңілдік алуға құқығы бар" қосымша 57 мыңға жуық адамның несиесі кешірілуі мүмкін айтты. Оның айтуынша, алдыңғы акция аясында кейбір азаматтардың құжаттары "ресми дерек қорында болмағандықтан" құжаттарын толық әзірлеп үлгермей, жеңілдікке ілінбеген.

"Екі ай бойы осы жұмысты жасадық. Осылайша 1 қарашаға дейін соның бәрін жасап, қосымша 57 мыңға жуық азаматты осы жеңілдік алуға құқығы бар адам ретінде белгіледік. Үкіметке ұсыныс жасап, тиісті қаражат бөлу (9,4 миллиард теңге - Б.Н.) үшін әрекет жасадық. Жылдың аяғына дейін қаржылық мәселе шешілсе, осы 57 мың адамның несиесі өтелетін болады" деді Біржан Нұрымбетов.

Биыл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 маусымдағы жарлығымен 500 мыңнан астам адамның 300 мың теңгеге дейін несиесі кешірілді. Оған бюджеттен 106 миллиард теңге қаражат бөлінген. Бұл акция ресми түрде 5 қыркүйекте аяқталған. Бұған дейін кейбір аймақта тұрғындар "несиесі кешірілуі тиіс" азаматтар санатына жатса да, өздерінің жеңілдікке ілінбегеніне наразы болған.

Тоқаев жарлығына сәйкес, маусымның 1-іне дейінгі жалпы қарызы 3 миллион теңгеден аспайтын көп балалылардың, асыраушысынан айрылған отбасылар мен мүгедек бала бағатындардың, ата-анасыз қалған 29 жасқа дейінгі жастардың 300 мың теңгеге дейінгі кредиті кешірілуі тиіс болған.

ВИДЕО: Несиені кешіруге қатысты жұрт пікірі (Қыркүйек айы, 2019 жыл).

"300 мың теңге аз". Несиені кешіруге қатысты жұрт пікірі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:55 0:00

  • 16x9 Image

    Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ

    2004 жылы Павлодар мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. "КТК-7"  телеарнасында тілші  (2003-2005), "Қазақстан-Павлодар" облыстық телеарнасында редактор, шеф-редактор (2005-2013), "Астана" телеарнасы Павлодар облысындағы меншікті тілшісі (2013-2019) болып жұмыс істеген. 2019 жылдан бері Азаттықтың Нұр-Сұлтан қаласындағы тілшісі.  

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG