Accessibility links

Өзбек құқық қорғаушысы Толиб Якубов қайтыс болды


Құқық қорғаушы Толиб Якубов.

Танымал өзбек құқық қорғаушысы, Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовті сынаушы Толиб Якубов қайтыс болды. Оннан астам жыл қуғында жүріп, осыдан бір жыл бұрын Франциядан Өзбекстанға оралған құқық қорғаушы 27 қарашада 79 жасында дүниеден озды.

Өзбекстанның Адам құқығы қоғамының негізін қалаған Якубов жеке қауіпсіздігіне алаңдап, 2007 жылы Өзбекстаннан кеткен. 2014 жылы билік оны азаматтығынан айырған.

Франция азаматтығын алған Толиб Якубовқа 2018 жылы Өзбекстан билігі президент Шавкат Мирзияевтің Францияға сапары қарсаңында отанына оралуына рұқсат берді. Өткен жылы 15 тамызда Якубовқа Өзбекстанның Франциядағы елшілігінен хабарласып, оған бір жылға виза беретінін айтқан. Осыдан соң оның Өзбекстанға келгені хабарланды.

2016 жылы Каримов қайтыс болған соң билікке келген Шавкат Мирзияев Өзбекстандағы адам құқығы жағдайын жақсартуға уәде беріп, мемлекеттік құрылымдарда, атап айтқан ұлттық қауіпсіздік қызметінде "тазарту" жүргізді.

2018 жылы өзбек билігі түрмеден шыққанына бір жыл болған журналист Мухаммад Бекжонның елден кетуіне рұқсат берді. Өзбекстан түрмесінде 18 жыл отырып шыққан 64 жастағы журналист өткен жылы АҚШ-тағы отбасымен қауышты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG