Accessibility links

Белсендінің "көлігіне иттің басын тастап кеткендерді" табуды талап етті


Белсенді Нұржан Мұхаммедов қалалық полиция департаментінің алдында тұр. Шымкент, 5 желтоқсан 2019 жыл.
Белсенді Нұржан Мұхаммедов қалалық полиция департаментінің алдында тұр. Шымкент, 5 желтоқсан 2019 жыл.

5 желтоқсанда түстен кейін жиырма шақты белсенді Шымкент қалалық полиция департаментінің алдына жиналып, белсенді Нұржан Мұхаммедовтің көлігінің терезесін шағып, дөңгелегін жарып, иттің басын тастап кеткендерді табуды талап етті. Бұл ақпаратты оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлады.

19 қарашада жергілікті белсенді Нұржан Мұхаммедов белгісіз біреулердің көлігінің терезесін шағып, иттің басын тастап кеткенін айтып, мұны "азаматтық белсенділігімен" байланыстырған еді. Нұржан Мұхаммедовтің Азаттыққа айтуынша, осыған дейін дүкені тоналып, жеке көлігінен телефоны да ұрланған.

Жиналғандар әуелі департамент алдында өз талаптарын оқыды. Белсенділердің өтінішін оқыған Данияр Байтілеу департамент басшысы Ералы Жұмаханбетовтен Мұхаммедовке "қоқан-лоқыны" кім жасағанын анықтап, белсенділерді қудаламауды, үйлерін аңдуды тоқтатуды талап етті. Белсенділер департамент басшысы "Ералы Жұмаханбетов халықтың алдына шықсын!" деп айқайлады.

Департамент өкілі белсенділерді ішке телефонсыз кіруге шақырды. Азаттық тілшісіне белсенділер мен департамент басшысының кездесуіне кіруі үшін алдын ала арнайы хат тастау керектігін ескертті.

19 қарашада Нұржан Мұхаммедов "иттің басын тастаған" белгісіз біреулердің көлік есігінің сыртына балағат сөздер жазып кеткенін де айтқан. Полиция қараша айының соңында белсендінің шағымы негізінде "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

20 қараша күні ондаған белсенді қалалық полицияға келіп, Нұржан Мұхаммедов пен оның отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап еткен. Олар полицияға 1 желтоқсанға дейін кінәлілерді тауып, табылмаған жағдайда полиция басшыларының отставкасын талап ететіндіктерін айтқан. Ал департамент басшысы белсенділерді қабылдап, істі бақылауға алатынын мәлімдеген.

Белсенді көлігінен иттің басын тауып алғанын айтады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00

Нұржан Мұхаммедов бұған дейін Шымкентте билікке қарсы және "Қытайдың Қазақстандағы зауыттарына қарсы" бірнеше рет наразылыққа шыққан (Қыркүйектің басында бірнеше қалада Қытайдың Қазақстандағы 55 жобасына қарсы наразылық шаралары өткен. Кейін билік осы шараға қатысқан ондаған белсендіні әкімшілік жауапқа тартып, бірнеше күнге қамаған). Сот Мұхаммедовті "бейбіт митинг өткізу ережесін бұзды" деп 10 және 5 тәулікке қамаған. Шымкент тұрғыны 2018 жылы шілде айында отбасымен бірге қала әкімдігіне барып, "полицияның қудалауынан шаршағанын" айтып, өзін-өзі өртемек болған. Оны әкімдік қызметкерлері құтқарып қалған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG