Accessibility links

Бельгия соты Қазақстаннан 540 млн доллар өндіріп алу туралы Стати өтінішін қанағаттандырды


Молдовалық олигарх Анатол Стати. Көрнекі сурет.

Бельгия соты Қазақстаннан 540 миллион доллар өтемақы өндіріп алу туралы молдовалық олигарх, Ascom Group SA компаниясының бас директоры Анатол Статидің өтінішін қанағаттандырды. Бұл ақпаратты Cision сайты хабарлады.

"Брюссельдің бірінші инстанциялық соты Қазақстаннан 540 миллион доллар өндіріп алу туралы арбитраж сотының шешімін мойындап, оны орындауды бұйырды. Бұл іс бойынша Ascom Group SA компаниясының қарсыласы - Қазақстан" делінген компания таратқан баспасөз хабарламасында.

Брюссель сотының 34 беттен құралған сот қаулысында шешімге қарсылық танытқан Қазақстан тарабының барлық өтініштерінің қабылданбағаны жазылған. Бір күн бұрын Люксембургтің апелляциялық соты осыған ұқсас шешім шығарып, Қазақстанның өтініштерін қанағаттандырмаған.

Қазақстан әділет министрлігі сот шешімдерінде "қарама-қайшылық бар" деп мәлімдеді

Министрлік мәлімдемесінде Брюссель соты мен Люксембургтің апелляциялық соты Қазақстан ұсынған KPMG компаниясының аудиторлық құжаттарын қарастырмай қойғанын жазды. Министрліктің мәлімдеуінше, "Брюссельдің апелляциялық соты 2019 жылдың 3 желтоқсанында Bank of New York Mellon банкінде бұғатталған 530 миллион долларға қатысты істе шешім шығарғанда мүлде бөлек позиция ұстанған".

«Апелляциялық сот KPMG жазбаларында Статидің осы компанияны шатастырғанын анықтады. Сот жаңа дәлелдерді іске қосу туралы шешім шығарды» деп жазылған министрлік мәлімдемесінде. Әділет министрлігі "енді бельгиялық сот алаяқтық жасалғанын дәлелдейтін KPMG құжаттарына сүйене отырып, Қазақстан ақшасын бұғаттан босату ісін қарайды" деп мәлімдеді.

Молдовалық бизнесмен Стати мен Қазақстан билігі арасындағы сот бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Қазақстанның мұнай саласына инвестиция салған Анатол Стати мен оның ұлы Габриэль Стати Қазақстанның мемлекеттік органдары өзін "инвестициясын тым арзанға сатуға мәжбүрлеу үшін қыспаққа алғанын" айтады.

Бұл іс бойынша негізгі шешімді 2013 жылы желтоқсанда Швецияның арбитраж соты шығарған. Швеция соты Қазақстан инвесторлар алдындағы халықаралық міндеттемелерін бұзды деп танып, Статиге 500 миллион доллар көлемінде өндіріп беру туралы шешім шығарған. Кейінірек Нұр-Сұлтан бұл айыптауды терістеп, Статиді "алаяқтық жасады" деп айыптады.

Содан бері Стати бірнеше мемлекетте сот шешімін күшпен орындатуға күш салып келеді. 2017 жылы желтоқсанда New York Mellon банкі Анатол Статидің Қазақстан үкіметіне қарсы арызы бойынша Қазақстан Ұлттық қорының 22 миллиард доллар қаржысын бұғаттағаны жария болған.

Биыл мамырда Нидерланд соты құны 5,2 миллиард доллар тұратын Нидерландтың KMG Kashagan B.V. компаниясындағы "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры акцияларына салынған тыйымды күшінде қалдырды. Бұл акцияларға Қазақстан үкіметі мен Анатол Стати арасындағы дау аясында тыйым салынған еді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG