Accessibility links

Скляр: Алматы әуежайы маңында жер телімін заңсыз үлестірген


Алматы әуежайы маңына құлаған Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы. Алматы, 27 желтоқсан 2019 жыл.
Алматы әуежайы маңына құлаған Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы. Алматы, 27 желтоқсан 2019 жыл.

Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр тергеу орындары Алматы әуежайының санитарлы қорғау аймағында жер телімін заңсыз үлестіргенін анықтады деп мәлімдеді.

"Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары 2015-2019 жылдары қосалқы шаруашылықпен айналысу үшін (арасында тұрғын үй құрылысы да бар) жер телімдерін заңсыз үлестірген" деді Роман Скляр 10 қаңтарда өткен баспасөз жиынында.

Оның айтуынша, "ережеге сәйкес, ұшу-қону жолағынан төрт шақырымға дейінгі аралықта нысан салу үшін әуежай комиссиясының келісімі керек. Алайда [жер телімінің иелері] мұндай келісімнен өтпеген" деді Скляр. Ол тергеу кезінде бұған кінәлі лауазымды тұлғалар да анықталады деді.

Алматы әуежайы маңында заңсыз жер үлестіру фактісі бойынша тергеу амалдарын жемқорлықпен күрес іс-қимыл бюросы жүргізіп жатыр. 30 желтоқсанда бас прокуратура Алматы әуежайындағы ұшу-қону жолағына жапсарлас жатқан жер телімдерін үлестіру мәселесі тексеріледі деп айтқан.

27 желтоқсанда таңертең Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы Алматы әуежайына жақын жерге құлап, сол маңдағы үйге соғылған. Ұшақта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. 12 адам қаза тауып, ондаған жолаушы ауруханаға түскен. Ұшақ соғылған үйдің жаңадан салынып жатқаны, апат кезінде үйде ішінде адам болмағаны хабарланған. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Биліктің айтуынша, Нұр-Сұлтанға ұшпақ болған ұшақ әуеге көтеріле алмай, ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, бетон қоршауға соғылған. Әуежай аумағындағы бос тұрған екі қабатты ғимаратқа соғылған. Ұшақ апатын зерттеп жатқан үкімет комиссиясы 10 қаңтарда ұшаққа мұз қату - апаттың басты себебі ретінде қарастырылып жатыр деді.

Оқи отырыңыз: "Ұшаққа мұз қату - апаттың басты себебі ретінде қарастырылып отыр"


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG